Алматыда коронавирус жұқтырған 2 219 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 98-і бала. Жалпы, өткен тәулікте қалада 547 адам індетке шалдыққан. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 506 науқас тіркелсе, 41 адам індетті жеңіл өткеріп жатыр. Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі 98 баланың стационарларда емделіп жатқанын нақтылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда коронавирус жұқтырған 98 бала ауруханада жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145671/)