Жамбыл облысында жалған вакцина паспортын 15 мың теңгеге сатқан. Аса ауылының емханасында екпе құжатын ақшаға саудалап жатқаны туралы қаржылық мониторинг агенттігіне шағым түскен. Тексеру барысында індетке қарсы екпені салдырмай -ақ паспортты 15 мың теңгеге бергені анықталды. Қазір осы іске қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Бұдан бөлек, қаржылық мониторинг агенттігі республика бойынша вакцина паспорттарын қолдан жасаудың 30 дерегін анықтаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында жалған вакцина паспортын 15 мың теңгеге сатқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145689/)