Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Ұлы ұлттық Жиналысының Спикерімен кездесті. Ол Мұстафа Шентопқа Түркістанда өтетін түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының мерейтойлық жалпы отырысында/ нәтижелі келіссөздер жүргізуді тіледі. Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап/ қазақ-түрік ынтымағының дамуы үшін жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Қазір екі ел қарым-қатынасы серпінді дамып жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға өзінің ізгі тілегін жеткізуді сұрады.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының спикерімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145769/)