Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз өсіргендер жауапкершілікке тартылады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауарды заңсыз қымбаттатқан сауда орындарына 68 хабарлама жіберген. Бұл жағдай Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облысында тіркелген. Тауар құнын шекті сомасынан асыра белгілеген саудагерлерді жауапкершілікке тарту жөнінде өңір басшыларына тапсырма берілді. Жалпы биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 9,7%-ке қымбаттады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауда орындары азық-түлік бағасын негізсіз өсірген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145778/)