Оралда да жанармай талонмен беріліп жатыр. Кей бекеттерде бір қолға 100 литрден артық сатылмайды. Өңірде дизельді отынның тек бір апталық қоры қалған. Жанармай Атырау мұнай зауытынан тасымалданады. Негізгі айлық қажеттілік - 15 мың тонна.
Қайрат Мұхамбетқалиев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:Облыста 1 500 тонна жанармай қоры бар. Ол 7-8 күнге жетеді. Қазір Ресеймен келіссөз жүріп жатыр. Жыл сайын күзгі жиын-терім кезінде осылай болады. Атырау зауыты отынды, бірінші, ауыл шаруашылығы саласына, сосын теміржолға, өндіріс орындарына жібереді. Содан қалған 10 %-ы жанармай құю бекеттеріне беріледі. Сол себепті аздаған тапшылық туындап жатыр.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда жанармай тек талонмен беріліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145782/)