Алматы облысының Қора шатқалы төрт күннен бері жанып жатыр. 25 гектар аумақта құрғақ шөп пен орманды алқап отқа оранған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 100-ден аса адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Тау шатқалына жету қиын болғандықтан тікұшақ қолданылды. Мамандардың айтуынша елді мекендерге қауіп жоқ. Өртке ең жақын Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қора шатқалындағы өрт әлі сөндірілмеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145900/)