Нарықтағы тауар бағасын негізсіз көтерген ірі бизнес өкілдеріне 875 мың теңге айыппұл салынады. Базарлар, сауда желілері мен үй жанындағы дүкендерде мониторинг тұрақты жүргізіледі. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнына 15% сауда үстемесін сақтауға міндетті. Тауарды заңсыз қымбаттатқан саудагерлерге алдымен ескерту беріледі. Әрекеті бір жыл ішінде қайталанса, 10,75, 300 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды. Әр аймақта наурыз-маусымға дейін азық-түліктің шекті бағасы бекіген. Мәселен, Алматыда қарақұмық жармасының келісі 361 теңге, жұмыртқаның 10 данасы 487 теңге, қырыққабат келісі 83 теңгеден аспауы тиіс.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нарықтағы тауар бағасын негізсіз көтерген ірі бизнес өкілдеріне 875 мың теңге айыппұл салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/145984/)