Мұғалімдердің кәсіби мерекесі бүгін – қазан айының бірінші жексенбісі. Мереке қарсаңында «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. 64 мектеп мұғалімі мен колледж оқытушысы үздік атанды. Биыл оныншы рет өтіп жатқан мерейтойлық рәсім аса көрнекті ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты іс-шара ұлы ағартушының туған жерінде өтті, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі. Министр Асхат Аймағамбетов еліміздің үздік педагогтеріне төсбелгілер мен шамамен 3 млн теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сертификаттарды табыс етті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - Ұстаздар күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146002/)