Айнұр Кәрбозова: «Болашақ» бағдарламасындағы ауыл квотасының мақсаты - бірінші кезекте ауыл азаматтарын қолдау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айнұр Кәрбозова: «Болашақ» бағдарламасындағы ауыл квотасының мақсаты - бірінші кезекте ауыл азаматтарын қолдау

03.10.2021

«Болашақ» бағдарламасының ауыл азаматтарына арналған жеңілдетілген арнайы жобасы деуге болады, пункті бар. Соған ауылда жұмыс істейтін азаматтар елең етпей жатыр. Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрбозовамен сұхбат.  

Несіне күлбелтелейміз, ағылшын тіліне қатысты жеңілдік қарастырылғанымен ауылда жұмыс істейтін адам үшін қиын сынақ. Осыған байланысты ниет білдіруші шықпауы мүмкін. Айнұр Кәрбозова ауыл квотасының мақсаты - бірінші кезекте ауыл азаматтарын қолдау екенін айтты. Біздің субьективті пікір – урбанизация тереңдей береді дегенмен, ауылдың дамуына серпін беретін жастарды қолдап, тіл үйренуіне жағдай жасап, мақсатты түрде оқытса?! Ауылдың дамуына серпін беретін деген қызыл сөз емес – алтын бесігіміздің күйрегеніне қарап тұра алмайтын, бастамашыл, іскер жастар жоқ емес. Сондай қыз-жігіттердің тағылымдамадан өтіп келуіне жағдай жасаса. Бұл тұста «Олар жалғыз не бітіре алады» деп, ауылға байланысты жүйелік проблемалар тізілген әңгіме басталып кетеді, білеміз. Бірақ кеудесінде оты бар адамдар да көп нәрсені өзгерте алады.   

Хабарламаларға жазылу