Австралияның Мельбурн қаласы локдаун мерзімінің ұзақтығы бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Бұл мегаполис осылайша Аргентина астанасы Буэнос-Айресті басып озған. Мельбурн тұрғындары бүгінді қоса алғанда 246 күн бойы қатаң шектеулер режимінде өмір сүріп жатыр. Ал, Буэнос-Айрестегі карантин 244 күннен аспаған. Айта кетері - Австралия үкіметі халықтың 80 пайызы вакцина алғанда коронавирусқа қатысты шектеулерді алып тастамақ. Бұл межеге қарашаның ортасында қол жеткізілуі мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Локдаун ұзақтығы бойынша Мельбурн әлемде бірінші орынға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146041/)