Ақмола облысында жоғалып кеткен 4 адам табылды. Адасып кеткен Бурабай ауданының 54 жасар тұрғынын полиция қызметкерлері Жасыл және Шиелі ауылдарының арасындағы орманда тауып алған. Ал Көкшетауда ата-анасын ескертпей кетіп қалған 14 жастағы қызды тәртіп сақшылары жолдан кезіктірді. Отбасы мүшелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Зеренді ауданында іздеу салынған 34 жасар әйел мен оның 4 жастағы баласының да қайда екені анықталды. Жалпы облыс бойынша биыл 70 адам жоғалып, 63-і табылған.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жоғалып кеткен төрт адам табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146070/)