Санкт-Петербург қаласында ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы Парламенттік ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Жиынға қазақ делегациясын Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастап барды.
Бұл жолғы Кеңес – Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімнің 25 жылдығы, ұйымның құрылғанына 15 жыл толуына байланысты және Парламенттік Ассамблея жұмысының 10 жылдығы сынды 3 бірдей маңызды мерейтой кезінде өтіп отыр.
Басқосу барысында ұйымның бас хатшысы қызметін уақытша атқарушы Валерий Семериков осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қ.Тоқаев: ҰҚКҰ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын арттыруы керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1461/)