АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 700 мыңнан асты. Осыған орай Вашингтондағы Ұлттық кафедралдық соборда 700 мәрте қоңырау соғылды. Құрама Штаттардың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегінше, қазанның 4-де бұл елде ковидтен қаза тапқандар қатары 700 мыңнан асқан. Айта кетсек, бұл мемлекетте осы аурудан көз жұмғандар саны маусым айында 600 мың адамға жеткен еді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та коронавирус құрбандарының саны 700 мыңнан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146133/)