Бұл туралы «G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы мәлімдеді. Ұйым жылдық жұмысын қорытындылап, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін, мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдерін, марапаттады. Биыл «G-Global» «ЭКСПО» көрмесінің өткізілуіне елеулі үлес қосты. «Жасыл» технологиялардың Қазақстандағы қолданысын әлемге таныстырды. Ұйым 3 жыл ішінде 4 мыңнан астам шара өткізген. Оның 200-ін шетелде ұйымдастырды. Ал, Ақмола облысы, Арнасай ауылындағы жылыжай технологияларының қолдану әдісіне сол елді мекеннің 70 пайыз тұрғыны үйренген.
Серік Нөгербеков, «G-Global» халықаралық хатшылығының басшысы:
- Қазақстандағы ең бірінші «Жасыл ауыл» деген үлкен жобаны жүзеге асырдық. «Жасыл» технологиялардың дамыту орталығын аштық. Осы орталықта 40-тан астам технологияларды жүзеге асырдық. 7 мыңнан астам Қазақстан азаматын оқыттық.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің 7 өңірінде «жасыл» технологиялар орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14616/)