Атырау облысы Құрманғазы ауданында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр. Өрт ошағы Каспий теңізіне жақын әрі айналасы қамыс, сулы-батпақты болуына байланысты көлік құралдары жете алмай отыр. Әзірге маңайдағы елдімекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, дейді аудандық төтенше жағдайлар бөліміндегі қызметкерлер. Мамандар Мақаш,Теңіз ауылдары аумағын барлап,арнайы аралап шыққан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында бірнеше күннен бері қамыс өртеніп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146211/)