Ауғанстанның Құндыз қаласындағы мешітте жойқын жарылыс болды.
Шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандардың саны 100-ден асады. Рейтердің мәліметінше, бомбаны жанкешті-лаңкес іске қосқан. Әзірге, жарылысты ешқандай радикалдық топ мойнына алған жоқ. Кейбір сарапшылардың пікірінше, шабуылды бұған дейін елдің шығысында бірнеше жарылыс жасаған ДАИШ-Қорасан тобы ұйымдастырған болуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауғанстанның Құндыз қаласындағы мешітте жойқын жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146311/)