Қазақстанда 64 млрд теңгеге 9 май өндіретін кәсіпорын ашылады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, жаңа жобалар биылдан бастап 2023 жылға дейін жүзеге асады. Жауаптылар 6 млрд теңгеге бағаланған 3 кәсіпорынды биыл іске қосуды көздеп отыр. Алғашқысы Ақмола облысында осы күзде жұмысын бастайды. Жылдық қуаты - 180 мың тонна. Екінші жоба Павлодар облысында бұрыннан бар кәсіпорын. Мұнда жылына 1 мың тонна өнім шығарылады. Желтоқсанда Түркістанда да тағы бір май өндіру кәсіпорны ашылады. өндірушілер жылына 200 тонна май шығаруды жоспарлап отыр.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 64 млрд теңгеге 9 май өндіретін кәсіпорын ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146316/)