Қазақстан нарықтағы жаңартылатын энергия көздерін 2023 жылға қарай екі есе арттыруға ниетті. Алдағы төрт жылда 60-тан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысында мәлімдеді. Жаңа жобаларға 2,5 млрд доллар көлемінде инвестиция жұмсалады. Премьер-министр шетелдік капитал мен озық технологияларды елге тарту үшін инвестициялық ортаны жақсарту бойынша бірқатар шаралардың қабылданғанын айтты.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146319/)