Шығыс Қазақстанның Абай ауданында көлік апатынан 5 адам қайтыс болды. Түнгі бірлер шамасында Қарауылдан Саржал ауылына қарай бара жатқан көлік аударылып кеткен. Салдарынан жүргізуші мен 4 жолаушы, оның ішінде бір жарым жастағы бала сол жерде мерт болды. 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда көлік апатынан 5 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146341/)