Жамбыл облысындағы әскери қоймада тағы жарылыс болды. Кеше таңғы сағат 7-ден 20 минут кеткенде 28349 әскери бөліміне қарасты инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді. Жарылыс жұмыстан тыс уақытта болды. Апат кезінде оқ-дәрілер жан-жаққа ұшпаған. Министрліктің мәлімдеуінше жарылыс аймағында адам болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Айналадағы ғимараттардың ешбіріне зақым келмеген. Алдағы уақытта осындай жағдайлар болуы мүмкін. Себебі, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілерді бақылап, жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік 26-шы тамызда болған жойқын жарылыс кезінде 17 азамат қаза тауып, жүзге жуық адам жарақаттанған еді. Ізім –ғайым жоғалған әскери қызметкер әлі табылған жоқ.
Талғат Мамаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:
Жарылған заттардың қазір не себепті қалай болып жатқанын зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Әскери арнайы бөлімдер жұмыс жүргізіп жатыр. Әскери бөлімдердің басшылары да ресми ақпарат берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысындағы әскери қоймада тағы жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146345/)