Татарстанда жексенбіде болған ұшақ апатына әуе көлігі қозғалтқыштарының бірі жұмыс істемей қалуы себеп болуы мүмкін. Бүгін республикада марқұмдарды аза тұту күні деп жарияланды. Жеңілмоторлы "Л-410" ұшағы Мензелинск қаласы аэродромынан көкке көтерілгеннен кейін құлаған. Әуе көлігі құламас бұрын қанатымен "Газель" көлігін қағып кетіп, аударылған. Ұшақ бортында 20 парашютші мен 2 экипаж мүшесі болды. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апат кезінде 16 адам қаза тауып, 6-ауы аман қалған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Ресейдің Тергеу комитеті әуе апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Татарстанда ұшақ құлап, 16 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146346/)