Қарағандыда демалыс күндері жанармай станцияларында дизельдік отын болмай, қоғамдық көліктердің бірқатары шықпай қалды. Бұны қала билігі де растап отыр. Жалпы сенбі-жексенбіде қала ішінде барлығы 193 автобус жолға шыққан. Бұл демалыс күндерге жоспарланған қоғамдық көліктің 72 пайызы. Жағдайды қала әкімдігі бақылауға алды. Ал, бүгін таңертең барлық маршруттар қайта жүре бастады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда дизельдік отын тапшылығынан қоғамдық көліктер жүрмей қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146349/)