Түркияда баға өсіп, тұрғындардың қалтасына ауыр тиді. Елдің Статистика бюросының мәліметінше, былтырмен салыстырғанда азық-түлік құны 30 пайызға қымбаттаған. Тұрғындардың көбі инфляциядан келген қиындықтарға төтеп беру үшін күнделікті шығындарын азайтуға мәжбүр. Айта кетері - Түркия экономикасына коронавирус пандемиясы кері әсер етті. Бұған қоса, импортқа тәуелді елдің жағдайын ел валютасының девальвациясы қиындатып отыр. Түрік үкіметі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін алыпсатарлыққа қарсы күресті күшейте бастады. Шара аясында бағаны күрт қымбаттатты деп айыпталған 5 ірі супермаркет желісі тергеуге алынған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда азық-түлік бағасы 30 пайызға қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146355/)