Ирак барлаушылары «Даиш» террористік тобының «бас есепшісін» тұтқындады. Сами Джасим әл-Джабури бұрын осы ұйым иерархиясында екінші адам саналған. Хаджи Хамид деген атпен танымал қаржыгердің қолға түскенін Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Каземи мәлімдеді. Оның сөзінше, Хамид күрделі халықаралық операция кезінде ұсталды. Алайда, үкімет басшысы оның нақты қай мемлекетте тұтқындалғанын атамады. «Фран-пресс» болса, бұл операциясының Түркияда жүргізілгенін хабарлап отыр. Ал, АҚШ әкімшілігі бір кездері Хамидтің басына 5 миллион доллар тіккен еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ирак барлаушылары «ДАИШ» террорлық тобының «бас есепшісін» тұтқындады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146398/)