Испанияның Ла-Пальма аралында үш апта бойы жанартаудан лава тоқтамастан төгіліп жатыр. Отты көшкін 600 гектарға жуық аумаққа тарады. Сондықтан, 83 мың тұрғыны бар аралда 6 мыңдай адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Және де 1200-дей ғимарат қирады. Бұған қоса, жанартаудан аққан ыстық лавадан жергілікті зауыттардың бірі өртенген. Осыған байланысты билік тұрғындарға кәсіпорыннан тарап жатқан улы түтіннен сақтану қажеттігін ескертіп отыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ла-Пальма аралында жанартау лавасы 600 гектарға жуық аумаққа тарады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146437/)