Жиыннан кейін Мемлекет басшысы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Кездесу аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, атап айтқанда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар талқыланды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үндістанның Сыртқы істер министрі Субраманиям Джайшанкарды қабылдады. Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты күшейту бойынша Қазақстан мен Үндістан арасындағы байланыстарды дамытудың келешегін талқылады. Өз кезегінде үнді дипломаты екі елдің екпе сертификаттарын өзара мойындау жөнінде ұсынысын білдірді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады. Кездесуде Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынасының саяси, сауда-экономикалық салалары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы