Қазір Торонтода көгілдір отынның бір литрі 2 долларға жуықтаған. Жергілікті тұрғындар ел тарихында газ бағасының осыншама өсуіне куә болмағандарын айтады. Ал, қымбатшылыққа ұсыныстың сұраныстан төмен болуы себепші. Айта кетері - Еуропа елдерінде көгілдір отын нарығындағы жағдай тұрақсыз. Мамандардың пікірінше, бұған жылыту маусымы алдында газ қоймаларының толық болмауы, экономикалардың пандемиядан ес жия бастауы ықпал етіп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Канаданың Онтарио провинциясында газ бағасы күрт қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146470/)