Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияның сыртқы қатынастар министрін қабылдады. Кездесу барысында президент қазақ-моңғол қарым-қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Моңғолия – біздің сенімді әрі стратегиялық серіктесіміз. Мемлекеттерімізді ортақ тарихымыз біріктіреді. Моңғол халқына, сіздің мемлекетіңізге деген құрметіміз ерекше деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Сіздер біздің халықаралық бастамаларымызға түсіністік танытып, үнемі қолдау көрсетесіздер. Сондай-ақ халықаралық алаңдарда бірге белсенді жұмыс істеп келеміз. Осы ынтымақтастығымызды одан әрі арттырып, іс жүзінде нығайта беруіміз қажет деп санаймын.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Моңғолияның сыртқы қатынастар министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146506/)