Елімізде екпені қайталап салу қарашаның жиырмасынан кейін басталады. Қосымша дозаны вакциналаудың толық курсы біткеннен кейін 6-9 айдан соң алуға болады. Екпенің екі компонентін де алып, коронавирустық инфекциямен ауырып шыққан адамдарға жазылғаннан кейін 3 айдан соң қайта вакцина салдыру ұсынылады. Қайта вакциналаудан бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік және жабық мекемелердегі адамдар өтеді. Бұл тізімде күштік құрылым қызметкерлері, өздігінен зерттеуден өтіп, қауіпті індетке қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар және жасы 60-тан асқан адамдар да бар. Ревакцинация үшін екпенің бір ғана дозасы салынады.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қайта вакциналау қарашаның үшінші декадасында басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146515/)