Келер жылы елде пластик қалдықтарын өңдейтін зауыт іске қосылады. Шамамен 4 млрд теңгеге бағаланған кәсіпорын Жамбыл облысында орналасқан. Жауаптылар жаңа зауыт жылына 6 мың тонна пластик өңдейтінін жеткізді. Мұнда 60-тан аса адам жұмыспен қамтылмақ. Бұған дейін қалдықтан қайта өнім дайындайтын зауыт Түркістан облысында ашылған еді. Өңірдегі кәсіпорын қоқысты өңдеп, тоқыма жіптер шығарады.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде пластик қалдықтарын өңдейтін зауыт іске қосылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146531/)