Премьер-Министр Асқар Мамин Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы көлік инфрақұрылымы жобалары мен Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысымен танысты. Қазір «Өскемен-Талдықорған», «Қалбатау-Майқапшағай», «Үшарал-Достық», «Қарағанды-Балқаш-Қапшағай», «Меркі-Бурылбайтал» автожолдары салынып жатыр. Ал, Қарағанды облысында Премьер-Министр жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Күрті-Қапшағай» автомобиль жолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл төрт жолақты жол бойынша 765 шақырым жол пайдаға беріледі. Ал, «Меркі-Бурылбайтал» автожолы да жыл соңына дейін толық ашылмақ. Жалпы биыл, елімізде республикалық маңыздағы 5 мың шақырым жол ел игілігіне беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл 5,1 мың шақырым күре жол пайдалануға берілмек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146562/)