Елордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Биыл үміткер 16 жұмыс келіп түскен. Оның тек, 10-ы екінші кезеңге өткен. Бүгін Комиссия жоғары марапатқа ие болатындардың тізімін түзді. Енді әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы ел Президентінің тиісті Жарлығы әзірленбек. Айта өтейік, марапат ғылыми жаңалықтар ашқан, жаңа технологиялар ойлап тапқан ғалымдарға, сондай-ақ ғылыми – техника және инновация бағытында нәтижелі жұмыс атқарып, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан мамандарға беріледі.
Армангүл Тоқтамұрат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әл-Фараби атындағы мемсыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146583/)