Ал еліміздің сыртқы қарызы көбейіп жатыр. Ұлттық банктің мәліметі бойынша Қазақстан сыртқа 166 миллиард 700 миллион доллар берешек. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,3 процентке яғни, 6 миллиард 700 миллионға көп. Ал ең көбі Нидерландыға берешекпіз. 44 миллиард доллар. Одан кейін Ұлыбриятания - 23, АҚШ - 13, Франция - 11 және халықаралық ұйымдарға 11 миллиард доллар қарызбыз. Ұлттық банктің хабарлауынша берешектің көп бөлігі жеке ұйымдарға тиесілі. Талап бойынша ол да мемлекеттік қарыз болып саналады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің сыртқы қарызы көбейіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146638/)