Түркістан облысында карантин режимін бұзғандар 8,5 млн теңге шамасында айыппұл төледі. Үй карантинін бұзатындардың ең көбі Түркістан қаласында тіркеліп отыр.
ПТР-тесттің оң нәтижесі бар 116 азамат пен індетке шалдыққандармен байланыста болған 88 адам ойын-сауық орталықтарына, тамақтану орындары мен базарларға, ірі сауда желілеріне барған.
Қазір карантин талаптарын сақтамаған тұрғындарға қатысты 200-ге тарта әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шаралар қолданылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында карантин талабын сақтамағандар 8,5 млн теңге айыппұл төледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146663/)