Испанияның жағалау күзеті Атлан мұхитында 44 мигрантты құтқарып, оларды Канар аралдарына жеткізді. Босқындардың барлығы – Мағриб аймағынан. Алайда олардың қай мемлекеттің азаматы екені әзірге белгісіз. Бір мигрант қаза тапты.
Испания ішкі істер министрлігінің дерегінше, қыркүйектің 30-на дейін ел жағалауына теңізбен 13 мыңнан астам адам жетіпті. Бұл – өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен екі есеге жоғары. Ал 2020 жылы Испанияға мұхитпен барған мигранттар саны 2019 жылдың статистикасымен салыстырғанда 8 есеге көбейіп, Канар архипелагында шиеленісті күшейткен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда 44 мигрант құтқарылып, біреуі қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146678/)