Facebook виртуалдық әлем құрмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Facebook виртуалдық әлем құрмақ

18.10.2021

"Фейсбук" компаниясы алдағы бес жылда виртуалдық әлем құру үшін Еуропа Одағында 10 мың адамды жұмысқа жалдамақ. "Метағалам" деп аталатын онлайн дүниеде адамдар ортақ виртуалдық кеңістікте болып, бір-бірімен сөйлесе алады.

Өзгелермен мұндай байланыс орнату үшін әркім өзінің аватарын арнайы гарнитура арқылы қосса жеткілікті. Айта кету керек, "Фейсбук" метағаламды құруға 50 млн доллар бөліп отыр. 


Хабарламаларға жазылу