Елімізде көп ұзамай оқушыларға америкалық Pfizer вакцинасы салына бастайды. Ал, оны қабылдамағаны үшін ешқандай қысым жасалмайды. Бұл туралы пандемияға қарсы іс-қимыл жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, қазір америкалық екпені Қазақстанға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Вакцина жеткізілген соң 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге кезең-кезеңмен салына бастайды. Ата-анасы қарсы болса, балаға екпе салынбайды. Мамандар жалпы оқушыларға екпе салудан қашпауға шақырады.
Ержан Байтанаев, санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі:Америка құрама штаттары балаларға салып жатқанына бірнеше айдан асты. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасында 5 жастан бастап вакцина салу жұмыстары бүгінгі күні жүргізіліп жатыр. Ресей федерациясы қазір балаларға клиникалық зерттеулер жүргізіп жатыр. Балаларды вакцина алмағаны үшін мектепке кіргізбеу, басқа да қысымшылықтар болмайды.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ержан Байтанаев: Балалар екпе алмаса, ешқандай қысым жасалмайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146715/)