Жамбылдағы жарылыстан ең қатты зардап шеккен Қайнар ауылының тұрғындары өз үйлеріне қайта қоныстана бастады. Осы ауылдағы 19 үйдің сегізінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қалғандары айдың соңына дейін бітеді.
Қуантарлығы - бұған дейін мүлдем көгілдір отын болмаған алты үйге газ құбыры да тартылған. Енді негізгі жолмен бірге кішігірім көшелерге де асфальт төселеді. Көмек көрсету үшін арнайы құрылған қорға түскен қаржыға қора-қопсы мен өзге де қирап қалған жайлары қалпына келтірілмек.
Жойқын жарылыстан баспанасына қатты зақым келгендердің бірі – Жамбыловтар отбасы. Қабырғасы жарылып, шатыры ұшып, үйлері мүлдем жарамсыз боп қалған еді.
Гүлзира Жамбылова, Қайнар ауылының тұрғыны:
Міне, үйіміз әдемі болып соғылып, кіріп жатырмыз. Үкіметке көмек көрсеткені үшін рақмет айтамыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындар үйлеріне орала бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146751/)