Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд инвесторларын Қазақстанға қаржы құюға шақырды. Президент Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасын қабылдады. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды арттыру мәселесін талқылады.
Мемлекет басшысы Сауд компанияларының әлемдік нарықтағы мүмкіндіктері мен тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ Абдалла Әл аш-Шейхті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Сауд Арабиясы ислам әлеміндегі сенімді серіктес әрі еліміздің тәуелсіздігін мойындаған алғашқы араб мемлекеттерінің бірі екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сауд басшылығымен әрдайым байланыстамыз. Тамызда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудмен телефон арқылы әңгімелескен кезде бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді. Ал қыркүйек айында Инвестиция министрі Халид әл-Фалихпен кездестім. Бұл байланыстар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа серпін береді деп есептеймін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Абдалла Әл аш-Шейхті қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146773/)