Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды. Пәтер терезесінен шыққан түтінді сол маңайдағылар көріп, бірден 101-ге хабарласқан. Оқиға орнына дереу жеткен мамандар зардап шеккен азаматқа жедел медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап үлгерді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146800/)