Павлодарда көпбалалы ана алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды. 48 жастағы әйелдің бес баласы бар. Балаларының үлкені 18 жаста кішісі 8-де. Ішімдікке салынған әйел оларды қараусыз тастап, тіпті аш қалдырған. Ата-ана құқынан айырылған соң балалардың үлкені интернатқа жіберіліп, кішкентайларын жақындары асырап алған. Аналары алимент төлеуі тиіс болғанымен, міндетін сол күйі орындамады, - дейді мамандар. Ақыры ол бір жылға сотталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда алимент төлемеген көпбалалы ана бас бостандығынан айырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146817/)