«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы арқылы отандық фармацевтиканың үлесі 50%-ға жетеді. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният жобадағы 4 бағыттың бірі дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға арналғанын айтты. Сонымен бірге осы саладағы инвесторлармен байланыс орнатуға басымдық беріледі. Айта кетейік, Қазақстанда препараттар мен медициналық жабдықтардың 17%-ы ғана отандық өнім. Ұлттық жобада қамтылған міндеттерді 2025 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:Әрі қарай денсаулық сақтау саласының қалай дамуы керек екені осы ұлттық жобада жоспарланған. Дәрі-дәрмектер отандық фармациялық компанияларда өндірілсе, ұлттың қаусіздігін арттырар еді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы арқылы дәрі-дәрмек өндірісі артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146822/)