Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустың алдын алу бойынша қосымша шаралар туралы жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта тұрғындарға вирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасын егу әдістемелік ұсынымдары бекітілген.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстың әкімдеріне 12-18 жас аралығындағы жеткіншектер, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға вакцина салуды ұйымдастыру жүктелді. Түсіндіру жұмысына ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер тартылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда «Pfizer» вакцинасы салына бастайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146879/)