Ресейдің Рязань облысындағы оқ-дәрі зауытында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты. Тағы 9 адамның тағдыры белгісіз.
Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, от технологиялық ережелердің сақталмауынан тұтанған. 160 шаршы метр аумаққа тараған өрт қазір сөндірілді. Оқиға орнында 100-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдің оқ-дәрі зауытындағы жарылыстан 7 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146964/)