Ресейдің Рязань облысындағы оқ-дәрі зауытында жарылыстан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті. 1 адамды күйік шалып, ауруханаға түскен. Тағы 1 адамның өлі-тірісі белгісіз.
Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, технологиялық ережелердің сақталмауынан өрт тұтанған. 160 шаршы метр аумаққа тараған қызыл жалын сөндірілді. Оқиға орнында әлі де құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдегі жарылыс: Қайтыс болғандар саны 16-ға жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146969/)