Испанияда Ла-Пальма аралында жанартаудан төгілген лава 900 гектар аумаққа тарады. Бүгін тағы жүздеген тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Жалпы, 1 айдан бері төгіліп жатқан лава қаупінен қоныс аударғандар саны 7500-ға жетті. Мыңдаған тұрғын үйсіз қалды. Отты көшкін жолындағы 2 мыңнан астам ғимаратты қиратқан. Кейбір болжамдарға сай, лаваның төгілуі 3 айға созылуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ла-Пальма аралында жанартаудан төгілген лава 900 гектар аумақты күлге айналдырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/146985/)