Колумбияда бірнеше жыл бойы іздеуде болған қылмыскер ұсталды. Елдің ең ірі есірткі картелінің басшысы Даиро Антонио Усуганы қолға түсіруге Колумбия арнайы күштерінің 500-дей мүшесі, 22 тікқұшақ қатысқан.
Отониэль лақап атымен танымал есірткі баронының жүрген жері туралы ақпарат бергендерге АҚШ 5 млн доллар сыйақы тағайындаған еді. Жақын арада Отониэль Құрама Штаттарға экстрадицияланады.
Ол басқарып келген қылмыстық топ есірткі және адам саудасымен, заңсыз алтын өндірумен айналысқан. Бұған қоса, Колумбияның қауіпсіздік күштерінің 200-дей мүшесін өлтіруге қатысы бар. «Рейтердің» мәліметінше, есірткі бароны қылмыстық топпен бірлесе отырып, жыл сайын 200 тоннадай кокаин тасымалдаған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Колумбияда 2009 жылдан бері іздеуде болған есірткі бароны ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147021/)