Ел чемпионатының 25-турына аяқ басқан алматылық «Қайрат» «Астана» командасын жеңді. Есеп - 1-0. Матчтағы жалғыз голды ойынның 9 минутында Небойша Косович салды.
Осылайша 50 балды еңсерген «Қайрат» командасы үшінші орынға табан тіреді. Ал 2 ұпаймен «Тобылға» есе жіберген «Астана» командасына екінші орын бұйырды.
Командалар арасында топ жарған «Тобыл» командасы бұған дейін «Шахтер» командасын 4-1 есебімен жеңген болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ел біріншілігінде «Тобыл» командасы топ жарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147033/)