Ресей астанасы Мәскеуде коронавирустың өршуіне орай бүгіннен бастап жаңа шектеулер енгізілді. Оған сай, жасы 60-тан асқандар мен созылмалы ауруы бар жандарға тұрғылықты мекен-жайынан кетуге болмайды. Бұл шектеу 4 ай бойы күшінде болады. Бұған қоса, жұмыс берушілер қызметкерлерінің 30 пайызға жуығын қашықтан жұмыс істеуге көшіруі тиіс. Қазанның 28 мен қарашаның 7-сі аралығында Мәскеуде жаңа локдаун енгізіледі. Бұл күндері қалада дүкендер мен мейрамханалар жабылып, мектептерде сабақ тоқтатылады. Коронавирустың өршуіне орай елдің алты өңірінде бүгіннен бастап демалыс күндері жарияланды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде коронавирустың өршуіне орай жаңа шектеулер енгізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147040/)