Пандемия әлем қай уақытта қалағанда, сол кезде ғана аяқталады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осы агенттіктің Жапонияда өтіп жатқан 72-сессиясына жолдаған видеомәлімдемесінде айтты. Оның сөзінше, медициналық құралдар әділ бөлінбегендіктен, коронавирус тоқтамай отыр.
«Рейтер» агенттігінің дерегінше, екпенің кемінде 1-дозасын салдырғандардың 31 пайызы табысы жоғары елдердің, 25 пайызы Еуропа мен Солтүстік Американың тұрғындары екен.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ДДСҰ: Пандемия әлем қалаған уақытта аяқталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/147070/)